
Тарбағатай аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы 2026 жылдың 21 сәуір күні сағат 14.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл көшесі, 15, 1-қабат) өтеді. Сол күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы сағат 8.30-да өтеді.
1. 2025 жылғы Тарбағатай аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту.
2. ШҚО бойынша тексеру комиссиясының Тарбағатай ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебі.
3. Ақжар ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту.
4. Тұғыл ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту.
5. Жаңаауыл ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту.
6. Жетіарал ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту.
7. Қабанбай ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту.
8. Қарасу ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту.
9. Құйған ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту.
10. Маңырақ ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту.
11. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары,құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.
12. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы Тарбағатай ауданы бойынша шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» № 30/8 –VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
13. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясын құру туралы» №30/9-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
14. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы » №30/10-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
15. Тарбағатай ауданының «2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.
Тарбағатай аудандық
мәслихатының төрағасы О.Канагатов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1199028?lang=kk

Жауап қалдыру