
Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акцияға құрылыс компаниялары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Экологиялық іс-шараға құрылыс саласының шамамен 7 мың қызметкері қатысып, тазалық жұмысына 100-ге жуық арнайы техника шығарылды.
Акцияға BI Group, Bazis-A, Sat NS, Sensata, «Svoy Dom» және басқа да ірі құрылыс компаниялары атсалысты.
Қатысушылар бекітілген аумақтарды тазалап, құрылыс алаңдары мен оған іргелес жерлерді ретке келтіріп, жиналған қоқысты толық шығарды.
«Біз үшін тек заманауи нысандар салу ғана емес, қаланың абаттануына үлес қосу да маңызды. Мұндай акциялар бизнестің де қала тазалығы мен жайлылығы үшін жауапты екенін көрсетеді», – деді құрылыс компанияларының бірінің өкілі.
Айта кетейік, экологиялық бастама қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаҚала @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1198984?lang=kk

Жауап қалдыру