
Астанадағы Есіл өзенінің жағалауында өткен «Таза қала» экологиялық акциясы барысында жастар шамамен екі тонна қоқыс жинады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Акцияға бес жастар ұйымынан 200-ден астам жас қатысты.
Қатысушылар жағалау аумағын қоқыстан тазартып, тұрмыстық қалдықтарды жинады.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраевтың айтуынша, бұл бастама «Таза Қазақстан» аясында өтіп, тек тазалық шараларымен шектелмей, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
«Белсенді жастар бүгін өзен жағалауын тазалап жатыр. Бұл – тек қала тазалығы емес, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыратын маңызды қадам», – деді ол.
Іс-шара барысында экология тақырыбына арналған конкурстар, викториналар және ағартушылық кездесулер ұйымдастырылды. Акцияға еріктілер, экологтар және креативті индустрия өкілдері қатысып, экологиялық сананы насихаттады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» бастамасы тек бір реттік сенбіліктермен шектелмей, кешенді экологиялық және әлеуметтік жұмыстарды қамтиды.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаҚала @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1198996?lang=kk

Жауап қалдыру