Текелі қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11 сәуірде Текелі қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Акция аясында Қора өзенінің жағалауында ағаш отырғызу шарасы өтті. Аталған аумақта 50 дана қылқанжапырақты және 200 дана жапырақты ағаш егілді.

Ағаш отырғызу барысында қала әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы қатысып, тұрғындармен бірге көшет отырғызды. Сонымен қатар, Ардагерлер ұйымы және «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблі мүшелері де белсенділік танытып, ағаш егу жұмыстарына қатысты.

Сол күні қала аумағында жалпықалалық сенбілік өткізілді. Тазалық жұмыстары Тәуелсіздік және Әуезов көшелерінің белгіленген аумақтарында, сондай-ақ Қора өзенінің жағалауында жүргізілді.

Сенбілікке 500-ге жуық адам қатысып, 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде шамамен 23 тонна қоқыс шығарылды.

Өткізілген шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, тазалығын сақтауға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/1198934?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді