
«Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты ала алатын орын.
Кабинеттер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ қолжетімділігі, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-Otinish, eGov, «Ашық НҚА» порталы, Тараптар кабинеті және т.б.) қолжетімділігі бар компьютерлермен жабдықталған.
Бұл ауылдық округтерде заңнаманы өз бетінше зерделеуге мүмкіндік беру үшін халыққа құқықтық көмек көрсетуді және құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1198929?lang=kk

Жауап қалдыру