«Маңғыстау облысында әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылмауы мәселесі қаралды»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ғимаратында жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуді департамент басшысының міндетін атқарушы Б. Кемаловтың төрағалығымен өтті.

Аталған жиын «Каспий жылу су арнасы» МКК мекемесіне қатысты келіп түскен жолданым негізінде ұйымдастырылды. Жолданымда қызметкерлердің зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерінің уақытылы аударылмауы мәселесі көтерілген.

Жиын қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығына анықталған мәселелерді қысқа мерзімде жою, берешектерді толық өтеу және алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, департамент тарапынан бақылау шаралары күшейтілетіні және заң талаптарының орындалуы тұрақты мониторингте болатыны жеткізілді.

Осылайша, кездесу еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және әлеуметтік төлемдердің уақтылы жүргізілуін бақылауды күшейтуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1199070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді