
Бүгін Түркістан қаласындағы Ататүрік жалпы орта мектебінің автотұрағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі өтуде.
Аталған жәрмеңкеге облыс аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына табиғи әрі сапалы өнімдерін ұсынуда.
Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер, сондай-ақ күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік түрлері қолжетімді бағамен сатылуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жергілікті өндірушілерді қолдау, халықты сапалы әрі тиімді бағамен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл мен қала арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді аталған жәрмеңкеге келіп, отандық өнімдерді қолдауға және тиімді бағамен сапалы азық-түлік алуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1199050?lang=kk

Жауап қалдыру