ТҮРКІСТАНҒА ТЕҢІЗ ЖАЯУ ӘСКЕРЛЕРІ КЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының теміржол вокзалында мерзімді әскери қызметін өтеп, запасқа шығарылған әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Үйлеріне Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің теңіз жаяу әскерлерінің жалғыз бригадасында қызмет өткерген 44 сарбаз оралды.
Салтанатты іс-шараға әскери басқару органдарының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ запастағы әскери қызметшілердің туған-туыстары қатысты. Шара әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті.
Қарсы алу барысында сөз сөйлеген облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әділет Утарбаев пен Қарулы күштер ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы, запастағы полковник Бабай Алдабергенов әскери қызметшілерге адал қызметтері үшін алғыс білдіріп, армияда алған тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.
Айта кетсек, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, олар жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсуге, сондай-ақ жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жағдайда білім гранттарын иеленуге мүмкіндік алады.
Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған әскери қызметшілер үйлеріне тарады. Әскердегі қызмет көптеген жастар үшін тек міндет қана емес, өмір мектебіне айналғаны сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1199048?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді