Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов әлем Кубогының кезеңінде жүлде алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хорватияның Осиек қаласында  спорттық гимнастикадан әлем Кубогының 5-кезеңі жалғасып жатыр.

Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда үздік үштікке енді.

1-орын. Гамлет Манукян (Армения) – 14.733
2-орын. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.600
3-орын. Нариман Курбанов (Қазақстан) – 14.000

Сондай-ақ Зейнолла Ыдырысов 5 әлем Кубогының қорытындысы бойынша, жалпы есепте топ жарды. Отандасымыз Хорватиядан бөлек, Түркия, Египетте бәсекелерде де күміс жүлде алған болатын.

Айта кетейік, Осиектегі әлем Кубогы кезеңіне 50 елден 130 спортшы қатысып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1199052?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді