
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясының жұмысына аудан әкімі Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы, аудан әкімінің орынбасары Аққазин Ахмет Әсетұлы, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.
- Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «2026-2028 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 38/2-VIII Ақсуат аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Абілбеков Арман Төлеуғазыұлы баяндама жасады.
Әртүрлі мәселелер аясында:
«Ақсуат ауданы әкімдігінің құрамына келісім беру туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 38/5-VIII Ақсуат аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
2) «Ақсуат ауданы әкімдігінің «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 38/7-VIII Ақсуат аудандық мәслихатының шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/1199810?lang=kk

Жауап қалдыру