Басқарма өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
2026 жылдың бірінші тоқсанында басқарма 6 мемлекеттік қызмет көрсетті:
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг беру;
- «Түпнұсқа, элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдар өндірушілерін және тұқым өткізушілерді аттестаттау»;
- Басым дақылдар өндірісін субсидиялау, оның ішінде көпжылдық екпелер;
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялау;
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау;
- Тыңайтқыштар құнын субсидиялау (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда).
2026 жылдың I тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 826 (оның ішінде заңды тұлғалар – 144, жеке тұлғалар – 682).
Оның ішінде:
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау – 88 (заңды тұлғалар – 88);
- Тұқым өндірушілер мен өткізушілерді аттестаттау – 2 (заңды тұлғалар – 2);
- Басым дақылдар өндірісін субсидиялау – 92 (заңды тұлғалар – 3, жеке тұлғалар – 89);
- Мал шаруашылығын дамытуға субсидиялау – 182 (заңды тұлғалар – 27, жеке тұлғалар – 155);
- Инвестициялық салымдар бойынша шығындарды өтеу – 28 (заңды тұлғалар – 5, жеке тұлғалар – 23);
- Тыңайтқыштар құнын субсидиялау – 434 (заңды тұлғалар – 19, жеке тұлғалар – 415).
Іс-шаралар:
Жыл басынан бері облыс әкімдігі субсидиялау нормативтерін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
2026 жылғы наурыз айында Басқарма басшысы «Елге қызмет» арнайы телебағдарламасында сұхбат беріп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша енгізіліп жатқан өзгерістерді түсіндіріп, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, 2026 жылғы наурызда Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Басқарманың баяндамасы тыңдалып, қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Жетілдіру бойынша ұсыныстар:
Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік ақпараттық жүйе (ГИСС) мен К2 «Қазынашылық-Клиент» базасы арасында интеграцияның болмауы мәселесі бар. Қазіргі уақытта субсидиялау өтінімдері мақұлданғаннан кейін төлем шоттары бухгалтерияға жіберіледі, бұл бухгалтерге 14 бағдарлама бойынша операцияларды жүргізуге көп уақыт жұмсауға мәжбүрлейді.
Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады, атап айтқанда төлем шоттарын жіберу кезектілігінің бұзылуы, субсидияларды төлеу мерзімдерінің кешігуі, сондай-ақ қайталама төлем жасау тәуекелдері туындайды.
Осыған байланысты ГИСС базасын К2 «Қазынашылық-Клиент» жүйесімен интеграциялау қажет. Бұл субсидиялау бағдарламасына жауапты әкімшіге төлем шоттарын автоматты түрде тікелей жүйеге жүктеуге мүмкіндік береді.
2026 жылдың I тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қатысты шағымдар түскен жоқ.
Жасырын көрсетілетін қызметтер анықталған жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-ayul/press/news/details/1199653?lang=kk

Жауап қалдыру