Абай облысы Полиция департаментінде гарнизондық таралым өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда

Абай облысы Полиция департаментінде гарнизондық таралым өткізіліп, жеке құрамға қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы нақты міндеттер жүктелді. Іс-шара аясында көшелер мен қоғамдық орындарда бақылауды күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мәселелері басым бағыт ретінде айқындалды.

Осындай мазмұндағы таралымдар аудандық бөлімшелерде де өткізіліп, өңір бойынша құқықтық тәртіпті нығайту жұмыстары жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.

🚨Профилактика және сенім – тұрақтылық кепілі

Таралым барысында халықпен профилактикалық жұмысты жандандыру, есепте тұрған тұлғаларды жоспарлы тексеру және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің азаматтармен сыпайы әрі құрметке негізделген қарым-қатынасы қоғам сенімін арттырудың маңызды тетігі екені баса айтылды.

«Қоғамдық орындарда тыныш әрі қауіпсіз ахуалды сақтау – біздің негізгі міндетіміз. Әрбір қызметкер өз жұмысын заң аясында, азаматтарға мұқият және әділ көзқараспен атқаруы тиіс. Қойылған тапсырмалар сапалы әрі жүйелі орындалуы қажет».

✅
Гарнизондық саптық жиын қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы басшылықтың тұрақты бақылауына алынды.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – полиция қызметінің өзегі. Ал оны қамтамасыз ету – кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1199975?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді