Абай облысында пошта сәлемдемелері қызметтік иттердің бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызметі есірткі қылмысының алдын алу және заңсыз айналым арналарын анықтау мақсатында өңір аумағындағы облыстық пошта бөлімшелерінде арнайы рейдтік іс-шара өткізді.

✅Іс-шара барысында қызметтік-іздестіру иттері мен кинолог мамандар пошта арқылы жөнелтілетін сәлемдемелерді тексеріп, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын болдырмауға бағытталған кешенді бақылау жүргізді. Мұндай профилактикалық шаралардың басты мақсаты — пошта және курьерлік қызметтерді пайдалану арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын жасырын түрде тасымалдау әрекеттерінің алдын алу.

👮‍♂️Рейдтік іс-шараға қатысқан Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен кинологтар арнайы үйретілген қызметтік иттердің көмегімен күдік тудыратын жөнелтілімдерді мұқият тексеріп, есірткі заттарының иісін анықтауға бағытталған жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қызметтік иттер қысқа уақыт ішінде үлкен көлемдегі сәлемдемелерді тексеруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде құқыққа қарсы әрекеттерді дер кезінде анықтауға ықпал етеді.

Осындай рейдтік шаралар пошта бөлімшелерінде тұрақты түрде өткізіліп, өңір аумағында есірткі қылмыстарының алдын алуға, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

👮‍♂️Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қандай да бір ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды. Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету — ортақ міндет, ал қоғам қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1199979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді