
Нұрсұлтан Рақышев төрағалығымен алқа отырысы өтті. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі мен тиімділігі, сондай-ақ жәбірленушілерді қудалау (сталкинг) мәселелері талқыланды.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Негізгі назар тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларға аударылды. Негізгі себептердің бірі ретінде алкогольді шамадан тыс тұтыну, сондай-ақ жұмыссыздық атап өтілді.
Облыс прокуроры қабылданып жатқан шараларға қарамастан, отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері әлі де тіркеліп отырғанын және бұл азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тұрақтылығына тікелей әсер ететін өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болып қала беретінін атап өтті.
Отырыс барысында қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылап, алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша шараларды айқындады.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Белгіленген шараларды іске асыру тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1199990?lang=kk

Жауап қалдыру