
Башқұртстан Республикасы делегациясымен өткен жұмыс кездесуінде өңірде бірлескен өндіріс ашу мәселесі талқыланды. Кездесуге Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков, «Ақтөбе» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Бақытбек Есенғұлов, РФ-ның ҚР-дағы Сауда өкілдігі жанындағы Башқұртстан өкілі Тимур Искандаров және «ҚР Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ президенті Мұрат Көбейсінов қатысты.
Жиын барысында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, өндірістік жобаларды жүзеге асыру шарттары қаралды. Башқұртстан тарапы Ақтөбе облысында жаңа өндіріс орындарын ашуға қызығушылық танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1199290?lang=kk

Жауап қалдыру