Атырауда есірткіні жарнамалайтын 40-қа жуық граффити жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгінде қала аумағында есірткі құралдарын жарнамалайтын граффитилерді анықтау және жою жұмыстары жалғасуда. Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы кеңесінің мүшелері, есірткі бабымен сотталған тұлғалар және «Жастар рухы» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, қоғамдық орындардағы заңсыз жазуларды жою рейдтерін өткізуде. Бұл шараның басты мақсаты – есірткі мен психотроптық заттардың насихатталуына жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жыл басынан бері бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде қала аумағында 40-қа жуық есірткіге қатысты заңсыз жарнамалық граффити жойылған. Мұндай жұмыстар қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, тұрғындардың белсенділігі мен хабарламалары рейдтердің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Тәртіп сақшылары тұрғындардан есірткі заттарының граффити жарнамасына куә болған жағдайда дереу “102” нөміріне немесе 98-21-55 (Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы) сенім телефондарына хабарласуды сұрайды.
Кез келген ақпарат қоғам мен жас ұрпақтың қауіпсіздігін сақтауда шешуші мәнге ие.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1199135?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді