
Байнассай ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға округ тұрғындары, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері белсенді түрде қатысты.
Сенбілік барысында аумақты санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді: көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыс шығарылды, іргелес аумақтар ретке келтірілді. Бірлескен күш-жігердің арқасында елді мекеннің санитарлық жағдайы айтарлықтай жақсарды.
Осындай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың тазалық пен тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ тұрғындар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-bainassay/press/news/details/1199697?lang=kk

Жауап қалдыру