
2026 жылғы 11 сәуір күні шамамен сағат 14:00-де құқық бұзушылықтарға бейжай қарамайтын және қырағылық танытқан Аманқарағай ауылының тұрғыны Әулиекөл ауданы Полиция бөлімінің кезекші бөліміне сенім телефоны арқылы хабарласып, ауыл шетіндегі орман алқабының маңында ГАЗ-53 маркалы автокөлік белгіленбеген жерге тұрмыстық қоқыс төккенін хабарлаған.
Оқиға орнына шыққан Аманқарағай ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушылық жасаған Аманқарағай ауылының тұрғынын анықтады. Азамат өз түсініктемесінде уақыт пен қаражатты үнемдеу мақсатында қоқысты осы жерге төккенін айтқан.
Аталған факті бойынша азамат Р.-ға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 43 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, құқық бұзушы төккен қоқысты қолмен қайтадан ГАЗ-53 автокөлігіне тиеп, кейін оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы қоқыс полигонына апарып төкті.
Хабарлаған тұрғынға үлкен алғысымызды білдіреміз. Осындай құқық бұзушылықтарға бейжай қарамайтын барлық азаматтарды сенім телефоны арқылы хабарлауға шақырамыз. Анонимдік сақталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1199499?lang=kk

Жауап қалдыру