
Ақтөбе облысында ауыл мектептерінің сегізінші сынып оқушыларының басын қосқан IQanat республикалық олимпиадасының II туры аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 31 оқушы финалға жолдама алып, жоба ұсынатын білім беру мүмкіндіктері үшін
күресті одан ары жалғастырады. II тур – жай ғана іріктеу емес, ол IQanat қауымдастығына қосылудың маңызды кезеңі. Бұл кезеңде жобаның жоғары сынып оқушылары кіші қатысушыларға тәлімгер болатын Peer-to-Peer бағдарламасы ерекше белсенділік танытты.
Peer-to-Peer тәсілі Нобель сыйлығының лауреаттары – Абхиджит Банерджи, Эстер
Дюфло және Майкл Кремердің зерттеулеріне негізделген. Олар оқушылар бір-біріне
көмектесіп, материалды «өз тілдерінде» түсіндіріп, кедергісіз, бірге білім алғанда оқу процесі
әлдеқайда тиімді екенін дәлелдеген.
Финалистер IQanat мектеп-пансионатына түсуге немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық
сүйемелдеу бағдарламасынан өтуге мүмкіндік алады.
IQanat жобасы 240-тан астам қазақстандық кәсіпкердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ақтөбе облысы мен өңір аудандарында жобаны қолдайтын қамқоршылар қатарында Марат Жуман, Ерлан Кунанбаев, Төлеміс Шотанов, Әділ Асанов, Николай Рогонов, Сергей Ена, Қанат Темірбеков, Орынбасар Аязбаев, Нурлан Байарстанов, Женис Тайбукенов, Ақмарал
Имашева, Аслан Қайырғалиев, Олжас Тортай және Әнуар Төлепбай бар. Жоба ауыл балаларының
әлеуетін ашуға және олардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/1199550?lang=kk

Жауап қалдыру