
Өскемен қаласының командалары IT-құзыреттері бойынша өткен Skills for Geeks облыстық чемпионатында өздерін лайықты деңгейде көрсетті 💻🏆
Қиындығы жоғары әрі тартысты додада 3D-модельдеу номинациясы бойынша Блинов Матвей мен Кучерявин Герман («№11 мектеп-лицей» КММ), ал бағдарламалау номинациясы бойынша Бородин Максим мен Наволокин Ярослав («№39 орта мектеп» КММ) қатысып, 14+ жас санатында командалық есепте 2-орынды иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.
10+ жас санатында 3D-модельдеу номинациясында Қашигин Александр мен Августинович Данил («№39 орта мектеп» КММ), ал бағдарламалау номинациясында Собинов Илья мен Фатеев Иван («№10 мектеп-гимназия» КММ) да жоғары ұпай жинап, командалық есепте 2-орын алды.
Жеке есепте бағдарламалау бойынша тамаша нәтиже көрсеткен Собинов Илья мен Фатеев Иван 2-орынды иеленді!
Қатысушыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! 👏
Жеткен жетістіктермен шектелмей, дағдыларыңызды дамытып, IT әлемінде жаңа жеңістерге жете берулеріңізді тілейміз 🚀
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/1199418?lang=kk

Жауап қалдыру