Карағандылық құтқарушы пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында “BATYR POWER” турнирінде бірінші орын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11–12 сәуір аралығында Астана қаласында күштік спорт түрлері бойынша “BATYR POWER” турнирі өтті.

Аталған жарысқа Қарағанды облысы ТЖД ТЖОЖҚҚ қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі, азаматтық қорғау майоры Ромащенко Виталий Вадимович қатысты.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар қатысып, әрқайсысы жоғары нәтиже көрсетті. Нәтижесінде Қарағандылық құтқарушы Ромащенко Виталий Вадимович жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, алтын медаль иегері атанды.

Ол мамыр айында Түркістан қаласында өтетін Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1199421?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді