Көші-қон комитетінің төрағасы Қазақстанды EPS жүйесіне қосу мәселелері бойынша Алматы қаласына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Күзенбаев Эльдар Қонысбайұлы Қазақстан Республикасын Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосуға дайындық мәселелерін талқылау мақсатында Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.

Іссапар аясында EPS жүйесін енгізудің ұйымдастырушылық және практикалық аспектілерін пысықтауға бағытталған жұмыс кездесулері өткізілді. Атап айтқанда, қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру және жұмысқа орналастыру үшін кандидаттарды іріктеу рәсімдерін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Алматы қаласында EPS орталығын және тестілеу орталығын құру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сапар барысында аталған орталықтарды орналастыруға арналған дайындалған нысанға барып, оның әрі қарай жұмыс істеуге дайындығы бағаланды.

Нысандарды аралау Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығының консулы Ли Чжон Хванмен бірлесіп жүргізілді. Тараптар дайындықтың ағымдағы мәртебесін, сондай-ақ EPS жүйесін енгізу шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту қадамдарын талқылады.

Аталған іс-шараларды іске асыру Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде заңды жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге, көші-қон процестерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ еңбек көші-қоны саласындағы Корея Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kqon/press/news/details/1199103?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді