
Бүгін Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті жаттығудағы финалдары өтті.
Керме дисциплинасында Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими 2-орын алды. Ол финалда 14.933 ұпай жинады.
Жүлдегерлер:
1. Танг Чиа-Хун (Тайпей) 15.233 балл
2. Милад Карими (Қазақстан) 14.933 балл
3. Анхель Барахас (Колумбия) 14.833 балл
Айта кетейік, Қазақстан командасы Осиектігі доданы 2 күміс, 1 қола медальмен аяқтады. Кеше тұтқалы ат снарядында Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1199094?lang=kk

Жауап қалдыру