Мыс компаниясында жергілікті тауар өндірушілерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы Ақтөбе облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, әлеуетті өнім берушілер мен жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен Ақтөбе мыс компаниясында «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және тау-кен секторындағы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында қазақстандық қамту үлесін арттыру.

Шара аясында қатысушылар екіжақты кездесулер өткізіп, өз өнімдерін таныстырды, сондай-ақ жаңа іскерлік байланыстар орнатып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұл алаң кәсіпкерлерге ірі өндірістік компаниямен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында облыс әкімдігі атынан Сисенбай Бердалин Ақтөбе облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС басшылығы өңір кәсіпорындарының өкілдерін нәтижелі әріптестігі үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Бүгінде «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС өңірлік кәсіпорындармен түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты табысты дамытып келеді. Атап айтқанда, құрылыс және өнеркәсіптік материалдар, арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдары, пластик бұйымдар, өрт қауіпсіздігіне арналған өнімдер және өзге де тауарлар сатып алынады.

Осындай іс-шаралар кәсіпкерлер үшін өткізу нарығын кеңейтуге, жаңа серіктестер табуға және тікелей келісімшарттар жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1199312?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді