Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары өрттерден 400-ден астам газ баллонын алып шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Жыл басынан бері Қазақстанның ТЖМ бөлімшелері өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарына 10 мыңнан астам рет дабыл бойынша шықты. Бұл ретте қауіпті аймақтардан 4 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды.

  Қауіп-қатер деңгейі жоғары өрттерді сөндіруге ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері 449 газ баллонын алып шықты, оның ішінде 125-тен астамының көлемі 50 литр.

  Газ баллондары бар өрттер аса үлкен қауіп төндіреді. Мұндай әрбір операция жарылыс қаупімен байланысты және құтқарушылардан барынша жинақылықты, кәсібилікті және жеке батылдықты талап етеді.

  ТЖМ газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады. Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау адамның амандығы  мен материалдық шығынды азайтуға көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1199767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді