
09.04.2026 жылы Тайынша қаласында, Тайынша ауданында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті РММ-нің мемлекеттік еңбек инспекторлары Абдуғалиева А.Ж. және Валеев А.М.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті РММ мамандарының, Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Батенов Г.К.-нің, сондай-ақ шаруа қожалықтарының өкілдері, кәсіпкерлер және ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларының қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру, қызметкерлерді үстеме жұмыстарға тарту тәртібі, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды жасасу, сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізу мәселелері қаралды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1199142?lang=kk

Жауап қалдыру