Құқық қорғау институты мүгедектігі бар адамдардың тегін автотұрақ орындарын пайдалану құқықтарын кеңейтуіне бастамашылық етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқық қорғау институты үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін автотұрақ орындарын пайдалану құқығын шектейтін құқықтық коллизияны анықтады. Қолданыстағы заңнама редакциясы әлеуметтік кепілдіктерді іске асыруда жасанды кедергілердің туындауына әкеліп, Әлеуметтік кодекстің негізгі қағидаттарына қайшы келетінін көрсетеді.

Үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар көп жағдайда тегін автотұрақты пайдалану құқығынан айырылады. Мұндай тәжірибе әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қосымша қаржылық жүктеме түсіріп қана қоймай, қалалық инфрақұрылымға тең қолжетімділік қағидатын бұзады.

Мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Үкіметке жүйелі шаралар қабылдау туралы ұсыным жолдады. Бастама қолдау тауып, қазіргі уақытта тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Ұсынылып отырған түзетулер мүгедектігі бар адамдарға белгіленген тобына қарамастан автотұрақ орындарын пайдалану құқығын бекітеді. Аталған өзгерістер азаматтардың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға, кедергісіз ортаны қамтамасыз етуге және Қазақстанның мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін растауға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1199372?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді