Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 14-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерді ол еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.

Міндетті сақтандырудың мақсаты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Өндірістік жарақат алу проблемасы кез-келген меншік нысандары мен көлемдегі кәсіпорындар үшін өзекті.

Еңбек заңнамасына сәйкес әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлерін өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 230 – бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы айыппұл салуға әкеп соғады:

 

жеке тұлғаларға 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде,

лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 160 АЕК (692 000 теңге) мөлшерінде,

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК (1 730 000 теңге) мөлшерінде,

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК (4 325 000 теңге) мөлшерінде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ozsp/press/news/details/1199248?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді