
10 сәуірде Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, РЦЭЗ және «ДАМУ» өкілдерінің, сондай-ақ МСАК медициналық ұйымдары басшыларының орынбасарларының қатысуымен қалалық штабтың кезекті отырысын өткізді. Отырыс Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейірханның төрағалығымен өтті.
Кеңес барысында қызылша бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ әрбір МСАК медициналық ұйымы бойынша халықты жоспарлы вакцинациямен қамту көрсеткіштері қаралды. Сонымен қатар, ақпараттық жүйедегі иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері талқыланды.
Астанадағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және иммунопрофилактиканың жай-күйі туралы баяндама жасаған – Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева.
Отырыс қорытындысы бойынша МСАК медициналық ұйымдарына қызылшаға қарсы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және жоспарлы профилактикалық егулермен қамтуды кемінде 95% деңгейінде қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1199438?lang=kk

Жауап қалдыру