
«Салауатты өмір салты – нашақорлыққа қарсы қалқан»
Осы тақырып аясында 10.04.2026 ж. Жағатал ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың зияны туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, зиянды әдеттердің алдын алу жолдары мен денсаулықты сақтаудың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар, жастарды спортқа баулу, бос уақытты тиімді пайдалану мәселелері көтерілді.
Мақсат – жастардың санасына салауатты өмір салтын қалыптастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу.
🚫 Нашақорлыққа – ЖОҚ!
✅ Салауатты өмірге – ИӘ!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1199254?lang=kk

Жауап қалдыру