
«Дарбаза–Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысына қатысты жұмыс кеңесі өтті. Жиынға Арман Абдуллаев, Қазақстан темір жол ҰК АҚ және Integra ЖШС өкілдері, сондай-ақ аудандық жер қатынастары, сәулет және құрылыс,қала құрылысы бөлімдері мен заң бөлімшесі қатысты.
Кеңес барысында теміржол құрылысы жобасы аясында электр желісін тарту мәселесі талқыланды. Аталған бағыттағы жұмыстардың орындалу барысы, техникалық талаптары қаралды.
Аудан әкімі жобаға қатысушы мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, электр желісін тарту жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына туындаған мәселелерді жедел шешіп, жұмысты үйлесімді жүргізуді тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1200061?lang=kk

Жауап қалдыру