Сарыарқа ауданында бос жерлердің орнына қоғамдық кеңістіктер салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сарыарқа» ауданында қоғамдық кеңістіктерді кезең-кезеңімен дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылы бос жатқан жерлер мен сүрілген гараждар орнына 4 жаңа абаттандырылған аймақ құру жоспарлануда.

 

Жобалық орындар ауданның әртүрлі бөліктерінде, оның ішінде тұрғын алаптарда айқындалған. Атап айтқанда, А. Үлімжіұлы көшесі, Рауан және Шынтас көшелері, сондай-ақ К. Байсейітова көшесі бойында орналасады.

 

Қазіргі уақытта бұл учаскелер пайдаланылмайды, алайда ағымдағы жылы абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жоба аясында әртүрлі жастағы балаларға арналған спорттық және ойын алаңдары, демалыс аймақтары, көгалдандыру және өзге де абаттандыру элементтері қарастырылған жайлы әрі функционалды кеңістіктер қалыптастыру көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1199137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді