Шағын футболдан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шағын футболдан турнир өтті

 

Салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Аталған спорттық іс-шараға барлығы 16 команда қатысып, жоғары дайындық деңгейін, командалық рух пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша:

І орын – Қызылқоға ауданы ТЖБ №12 өрт сөндіру бөлімі;

ІІ орын – Атырау облысы ТЖД құрамасы;

ІІІ орын – Атырау қаласы ТЖБ №4 өрт сөндіру бөлімі.

 

Сонымен қатар, жарыс барысында үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік қақпашы» атағы Мерген Азаматқа, «Үздік ойыншы» – Қосжанов Ринатқа, ал «Үздік сұрмерген» – Мұхамедәлі Бердібекке берілді.

 

Аталған турнир қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ұжымдық ынтымақтастықты арттыруға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1199921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді