
ШҚО әкімдігінде ҚР Президентінің, Премьер-Министрінің және облыс әкімінің тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиын қорытындысы бойынша ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов бірқатар міндет жүктеді: Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша апта сайынғы бақылау жүргізу, ал қаржыландыру мәселелері бойынша жобаларды іске асыру мерзімдерін жеделдету.
Сонымен қатар жиналыс барысында өңір басшысы әріптестеріне облыстық театрдағы қойылымдарға жиі барып, жергілікті әртістерге қолдау көрсетуді ұсынды.
«Бізде премьералар жеткілікті. Жылына 20-дан астам премьера өтеді. Билет бағасы қолжетімді. Өзім де демалыс күндері баруға тырысамын, сіздерге де соны ұсынамын. Бұл – әрі демалыс, әрі мәдениет», – деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1199532?lang=kk

Жауап қалдыру