
Сарыарқа ауданында «Smart Saryarqa» пилоттық жобасы іске қосылды.
Жоба ауданның ірі сауда орталықтарының маңында, сондай-ақ аула аумақтары мен саябақтарда сынақтан өтуде. Бұл аумақтарда бейнебақылау камералары бейнеталдау мүмкіндіктерімен бірге жұмыс істеп, жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға және кез келген құқықбұзушылыққа жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
“Smart Saryarqa” прокуратура және полиция органдарының бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылуда. Пилоттық жоба басталғалы бері абаттандыру қағидаларын бұзғаны (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) және ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы) тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудандағы тәртіп пен тазалық әрқайсымыздан басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1199112?lang=kk

Жауап қалдыру