Солтүстік Қазақстан облысында 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысында 2026 жылғы өрт қауіпті

кезеңге дайындық талқыланды

 8 сәуір күні облыс әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н.М. Кенесовтың төрағалығымен өтті. Отырыста өңірдің 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындығы негізгі мәселе ретінде қаралды.

Кездесу барысында мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері баяндама жасады. Алдағы кезеңге арналған ауа райы болжамдары, өртке қарсы дайындықтың қазіргі жағдайы, сондай-ақ табиғи және дала өрттерінің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар айтылды.

Отырыста аудан әкімдері тыңдалып, оларға жергілікті жерлерде, әсіресе елді мекендер мен оған іргелес аумақтарда өрттің алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды. Жиын қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, өңірдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1199445?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді