
Лепсі ауылында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарды тазалыққа баулу және туған жерге деген жанашырлықты арттыру.
Акция барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен саябақтар қоқыстан тазартылып, айналаны абаттандыру жұмыстары атқарылды. Тұрғындар мен жастар белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Нәтижесінде ауылдың санитарлық жағдайы жақсарып, айнала көркейе түсті. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1199318?lang=kk

Жауап қалдыру