«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Аманқарағай ауылында «Таза өлке» акциясы өтті. Аталған акцияға Н.Островский атындағы мектептің ұжымы белсенді қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Аманқарағай ауылында «Таза өлке» акциясы өтті.
Аталған акцияға Н.Островский атындағы мектептің ұжымы белсенді қатысып, мектеп аумағы мен оған жақын орналасқан аумақтарды тазалау бойынша сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосып, аумақты қоқыстан тазартып, ауылдың көркеюіне атсалысты.

Таза ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Барша тұрғындарды табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға шақырамыз.

#ТазаҚазақстан #ТазаӨлке #Аманқарағай

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1199508?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді