«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» МЕН «ТАЗА АУЫЛ» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП, 2 МЫҢ ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада Түркістан қаласында және барлық аудан, қалаларда құрылған жұмысшы топтар базар және сауда орталықтары аумақтарында тазалық жұмыстарына мониторинг жүргізді. Сонымен қатар «Таза қала», «Таза ауыл» іс-шаралары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 41 мыңнан аса адам қатысып, 272 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 31 мың ағаш отырғызылып, 69 мың ағаш әктеліп, 2 мың тонна қоқыс шығарылды. Ал осы апта «Таза аула» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде айтылды.
🔰Облыс басшысы сауда орындары мен қоғамдық орындарда санитарлық-гигиеналық тазалық және өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді, ретсіз саудаларға жол бермеуді тапсырды. Сауда орындарында жиі қоқыс жиналатын орындарды анықтап, бейнебақылау жүйелерін орнату керек екенін айтты. Полиция департаментімен бірлесіп тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізіңізуді жүктеді. Сонымен қатар облыс көлемінде тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді міндеттеді.
🔰Жиында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндады. Оның айтуынша, сауда орталықтарының ішіндегі санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарының сақталу деңгейі сын көтермейді. Одан бөлек, сауда орындары жасалған мониторинг нәтижесінде техникалық қауіпсіздік шараларының тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеуі, ретсіз сауда сияқты бірқатар кемшілік анықталған. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
🔰Өңірде аталған бағдарламаның тиісті деңгейде орындалуы тұрақты бақылауға алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1199706?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді