Түркістан облысында 500-ге жуық оқушыға ашық есік күні ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісай аудандық полиция бөлімінде оқушылар үшін ерекше форматтағы ашық есік күні ұйымдастырылды. Танымдық шараға 500-ге жуық білім алушы, яғни білім беру ұйымдарының оқушылары мен “Жас сақшы” сыныбының білім алушылары қатысып, ішкі істер саласының қыр-сырымен жақын танысты. 

Кездесудің басты ерекшелігі полиция бөлімі басшысы Мұрат Ермековтің оқушылармен тікелей жүздесіп, сала жұмысын жеке өзі таныстыруы болды. Ол жасөспірімдерге полиция қызметінің қоғамдағы маңызы, жауапкершілігі мен күрделілігі туралы шынайы мысалдар арқылы кеңінен әңгімелеп, болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берді.

Шара барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, қару-жарақ түрлерін, криминалистикалық құрал-жабдықтарды және арнайы қызметтік автокөліктерді өз көздерімен көрді. Сонымен қатар жедел басқару орталығының жұмысы, уақытша ұстау изоляторы және тирдегі ату жаттығулары ерекше қызығушылық тудырды.

Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Мұндай тағылымды шара жас буынның полиция саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың бойында тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға зор ықпал ететіні сөзсіз. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1200025?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді