
Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Запорожье ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылардың келуі 72,08 % құрады (1440-тан 1038).
Дауыс беру қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі болып Ақылбек Айтуғанұлы Алдажаров сайланды.
Ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі АСК шешімімен Ақылбек Айтуғанұлы Алдажаров Жақсы ауданының Запорожье ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Ақылбек Айтуғанұлы, 1984 жылы Терісаққан ауылында туған, білімі жоғары: 2017 жылы Орталық Қазақстан академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Ақмола облысы ІІД Жақсы аудандық ішкі істер бөлімінің арнайы тобының кіші қызметкері болып бастаған.
2012 жылдың қараша айынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін Ақмола облысы ІІД Жақсы АІІБ кадр жұмысы тобының жауынгерлік, қызметтік және кәсіптік даярлау жөніндегі инспекторы лауазымын атқарды.
2017 жылдың қыркүйек айы мен 2025 жылдың тамыз айы аралығында ҚР ІІМ Ақмола облысы полиция департаменті Жақсы ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымын атқарып, кадр саясаты мәселелеріне жетекшілік етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1199765?lang=kk

Жауап қалдыру