
Ауданымыздың мерейін үстем етіп, ел намысын абыроймен қорғап келген жас балуандарды Ордабасы жұртшылығы ерекше ықыласпен күтіп алды. Әуежайдан қарсы алу барысында жеңімпаз спортшыларға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер мен ақжарма лебіздер білдірілді.
Ел сенімін ақтап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген жас спортшыларымыз – аудан мақтанышы. Олардың әр жеңісі – табанды еңбектің, қайсарлық пен жігердің айқын көрінісі.
Салтанатты қарсы алу сәтінде спортшыларға алғыс айтылып, алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдірілді. Сондай-ақ, олардың жетістігіне жол ашқан жаттықтырушыларына да ерекше ризашылық білдірілді.
Осындай жарқын жеңістер – өскелең ұрпаққа үлгі, ел рухын көтеретін үлкен жетістік.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1199088?lang=kk

Жауап қалдыру