
Әсіресе, әуесқойлар арасындағы ел чемпионатында күміс алған «Желаев нан» командасының ерлігі елді сүйсіндірді. Тек өз жеріміздің жігіттерінен құралған ұжым Премьер-лиганың азулы клубы өскемендік «Алтаймен» терезесі тең ойын көрсетті.
Желаев нан легионерлермен жасақталған кәсіби клубқа қаймықпай қарсы тұрды. Алаңда нағыз спортшыларға тән қайсар мінез бен жігер көрсетті. Қарапайым Орал жігіттері өңір футболының болашағы зор екенін дәлелдей алды.
Бұл тек ойын емес, намыс пен шеберліктің додасы болды. Қарапайым әуесқой жігіттердің үлкен футболдағы қадамы талай жасқа қанат берері анық!✊
————
#bqo_sport

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1200164?lang=kk

Жауап қалдыру