
✨ 11–12 сәуір күндері Алматы қаласында әр өңірден келген 12 талантты ұжымды біріктірген «Alem Star» халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауы өтті. Сахнада шабыт, өнер және жарқын бәсекелестікке толы ерекше атмосфера қалыптасты.
✨ Байқауда «Көкше» МҮ «Ритм» халық ансамблінің ересек тобы (14–18 жас) ерекше көзге түсті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, мінсіз үйлесімділік пен көркемдік шеберлікті көрсетіп, халықтық хореографияның терең мазмұнын жеткізе білді.
✨ Әсем костюмдер, әсерлі орындау және үйлесімді қимылдар көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
✨ Байқау қорытындысы бойынша қытай биін орындаған «Ритм» ансамблі Бас жүлдені (Гран-при) жеңіп алып, өздерінің жоғары деңгейі мен шығармашылық әлеуетін дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau-krasnoyar/press/news/details/1200767?lang=kk

Жауап қалдыру