Әділет департаменті “Q university” меморандумға қол қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меморандумның негізгі мақсаты – құқықтық ағартуды дамыту, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және білікті мамандарды даярлау бағытында өзара тиімді әріптестікті нығайту.

Құжат аясында тараптар бірлескен білім беру және тәжірибелік іс-шараларды ұйымдастыруға келісті. Атап айтқанда, студенттер мен оқытушылардың қатысуымен дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, оларды мемлекеттік қызметке қызығушылығын қалыптастыруға және тәжірибелік білімін жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Аталған меморандум мемлекеттік орган мен білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына оң әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1200089?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді