
«Заң мен тәртіп» Тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 15 сәуірде сағат 17:00-де облыс прокуратурасының Instagram-дағы ресми парақшасында @prokuraturasko: «Үкімдер қалай орындалады» тақырыбына тікелей эфир өтеді..
Аталған шара СҚО МТРА СКО @kaz.mtrk бірге авторлық түрде жүргізіледі.
Трансляция барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері үкімдерді орындауға қатысты өзекті мәселелерді, атап айтқанда, мекемелерде заңның сақталуы қалай бақыланатынын, сотталғандар мен олардың туыстарының қандай құқықтары бар екенін және бұл ретте прокуратураның қандай рөл атқаратынын түсіндіреді, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне тікелей эфирде жауап береді.
Спикерлер: облыс прокуратурасының 2-басқармасының бастығы Жалмағамбетов А.М., облыс прокурорының көмекшісі Әліппаев А.Қ., облыс прокуратураның 2-басқармасының аға прокуроры Құсайынова Ә.Е., облыс прокуратурасының 2-басқармасының прокуроры Шаймулин Д.Ж., Петропавл қалалық прокуратурасы бөлімінің прокуроры Татваева А.Е.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1200566?lang=kk

Жауап қалдыру