
Maqsut Narikbayev University-де Еуропа Кеңесі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтымен бірлесіп ұйымдастырған студенттерге арналған ақпараттық-оқыту дәрісі өтті.
Құттықтау сөзінде Омбудсмен Артур Ластаев жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың және студенттерді адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне тартудың маңыздылығын атап өтті.
Оның айтуынша, құқықтық мәдениетті қалыптастыру дәл білім беру ортасында басталады, онда болашақ мамандар тек кәсіби білім алып қана қоймай, күнделікті өмірде адам құқықтарының құндылығын да түсінеді. Баяндамасы аясында Уәкіл Қазақстанның жаңа Конституциясындағы адам құқықтарын қорғау нормалары туралы егжей-тегжейлі айтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге ерекше назар аударды.
Студенттер алдында сондай-ақ Еуропа Кеңесінің өкілі Конуль Гасимова сөз сөйлеп, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар мен олардың қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы маңызы туралы айтып берді.
Дәріс барысында қатысушылар адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін, құқық қорғау құндылықтарын ілгерілетудегі жастардың рөлін, сондай-ақ қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға қатысты халықаралық тәжірибе мен тәсілдерді талқылады.
Іс-шара академиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты кеңейтуге және студенттердің адам құқықтары мен оларды қорғау тетіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған күш-жігердің бір бөлігі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1200609?lang=kk

Жауап қалдыру