Астанада тазалықты заманауи технологиялар арқылы бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция департаментінің мәліметінше, Астанада қоғамдық орындардың ластану жағдайларының алдын алу және жолын кесу жұмысы жалғасып жатыр. Құқық бұзушыларға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, сонымен қатар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда.

Еске салайық, белгіленбеген орындарға қоқыс тастау, темекі тұқылын лақтыру, жерге түкіру, сондай-ақ көлік терезесінен қоқыс лақтыру сияқты әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмау жұмысы «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында тұрақты түрде жүргізілуде.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаудың және абаттандыру ережелерін бұзудың шамамен 16 мың фактісі бойынша жауапкершілікке тарту шаралары қолданылған.

Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу үшін заманауи бақылау жүйелері кеңінен қолданылып жатыр.

Оперативті басқару орталығының камераларымен қатар дрондар да іске қосылып, олар аталған жағдайларды анықтап, патрульдік қызметтерге жедел ақпарат береді.

Сонымен қатар дрондар арқылы азаматтарға қоғамдық тазалықты сақтау, қала мүлкіне ұқыпты қарау, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы дыбыстық ескерту жасалады.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жауапкершілік танытуға шақырады: қаланың тазалығы әрқайсымыздан басталады. Егер сіз құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, бейжай қалдырмаңыз, ескерту жасаңыз.

Тазалық мәдениетін бала кезден қалыптастыру маңызды, өйткені әр адам таза, жайлы әрі қауіпсіз қалада өмір сүргісі келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1200886?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді