АУДАН ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗДЕР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданында өндіріс саласындағы әріптестікті нығайту мақсатында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Шымкентцемент» ЖШС-нің басшысы Доков Михаилмен кездесті.
 
↪️ Кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік қызметі, технологиялық мүмкіндіктері және алдағы даму жоспарлары таныстырылды. Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түзілген меморандум бойынша әлеуметтік нысандар құрылысын аяқтау және 2022–2026 жылдарға арналған жол картасында көзделген міндеттемелердің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кәсіпорын демеушілігімен Кемеқалған, Бірінші Мамыр және Киелітас ауылдық округтерінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Сонымен қатар аудан әкімі «Солтүстік» кен орнындағы әктас қазу жұмыстары келісімге сәйкес биыл тамыз айында аяқталатынын атап өтті.
 
✅ Бұдан бөлек, компанияға қарасты қосымша мекемелерді ауылдық округтер аумағында тіркеу арқылы жергілікті бюджет кірістерін арттыру жолдары қарастырылды.
 
📌 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1200400?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді