Аудандағы кеңесте абаттандыру және ауыл шаруашылығы мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудандық бөлім басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Кеңес басталар алдында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың республикалық референдумды дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттарын тапсыру рәсімі өтті.
Күн тәртібінде жазғы уақытта ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды іске асыру мәселелері, сондай-ақ бірқатар ағымдағы міндеттер қаралды.
Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі өрт гидранттарына жөндеу жұмыстарын жүргізуді және тиісті жағдайға келтіруді, елді мекендерде бейнебақылау жүйелерін орнатуды, халықты «Ауыл Аманаты» бағдарламасына тарту жөніндегі жұмысты жандандыруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тарта отырып, кентішілік жолдарды толтыру және тегістеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1200630?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді